ПІКІРТАЛАСТАР

'STYQ Online

MÄTIL бағдарламасының пікірталас бөлігі жаңа тіл бастамалары мен тіл активизмі тақырыптарын қарастырады. Біз өзінің әрекеттерінде қазақ тілі проблематикасын зерттейтін Назарбаев Университетінің профессорлары мен студенттерін, тіл мамандарын, өнертанушылар, белсенділер, аудамашылар, ақындар және басқа қазақстандық зияткерлерді; және ANTENA AIRE халықаралық мамандарын осы пікірталастарға қатысуға шақырдық; олар қалалық қоғамдастықтар ішіндегі әрекеттестік аясындағы тәжірибелері мен білімдері туралы айтып береді.

ЖАҢА ТІЛ БАСТАМАЛАРЫ
5 сәуір, 20:00
Соңғы уақытта біз қоғам тарапынан қазақ тілін қолдаудың маңыздылығын түсіну жандана түскенін, қазақстандық әлеуметтік желілерде жаңа тіл бастамаларының туындап жатқанын көріп отырмыз. Сирек сөздерді түсіндіретін, тілдің тарихы туралы айтып беретін, жаңа сленг ойлап табатын аккаунттар пайда болды.

Тіл мәдениетіндегі өзгерістер күнделікті өмірдің көріністерінде байқалады: дүкен атаулары, музыканттардың мәтіндері, балалар есімдері және жаңа сәлемдесулер мен зайырлы әңгімелер.

Тіл бастамаларының өкілдері біздің панельді пікірталасымызда өз жобалары туралы айтып береді, мұның неліктен маңызды екенін және өз жолында қандай проблемаларға тап болғандарын түсіндіреді.
БІРІКТІРУ, БӨЛУ ТІЛІ
7 сәуір, 20:00
Панельдік пікірталаста біз тілдік белсенділік, Қазақстандағы қостілділікке қатысты жағдай, тілдік әділдік мәселелеріне ден қоямыз.

Талқылауға қатысқан қонақтарымыз:
- ақын және аудармашы Тілек Ырысбек;
- ақын және аудармашы Мария Дейкуте;
- Сүлеймен Демирел университетінің профессоры және адам құқықтары жөніндегі белсенді Молдияр Ергебеков;
- Индиана Университетінің профессоры Уильям Фиерман;
- «Феминита» бастамасының негізін қалаушы Гүлзада Сержан;
- журналист Бэлла Орынбетова;
- әлеуметтік антрополог, аудармашы және суретші Зарина Мұқанова;
- және американдық Antena Aire жергілікті тіл бастаманың өкілі Джей-Ди Плекер.