Бұл көрме — қазақ және халықаралық суретшілердің жаппай бейбіт жиналысы. Олардың жеке кеңістіктен белгісізге, қоғамдық кеңістікке қалай батыл қадам жасайтындығы туралы. Күн сайын, үйден, пәтерден, көшеден, жеке компьютерден, телефоннан, өз ойларынан жасалған қадамдарды пікірге айналдырады. Бұл жеке-қоғамдық аяны зерттеу.
Жеке=саяси ая сияқты, бірақ оған сәл жетпейді. Бәріне белгілі жеке-қоғамдық контрастты түсіну оңай, онымен байланыс орнату оңай. Біздің жеке шекараларымыз қайда және қоғамдық ая қай жерде басталады?
Әлеуметтік желілер, изоляция, маскалар, әлеуметтік желілер, ішкі процестер, терезе артындағы сыртқы өмір, оның артында, алаңда, жаңалықтарда, мен не туралы сөйлескім келеді, мен бұл туралы қалай және кімге айтамын. Көршілер, әлеуметтік желілер, балалар, әріптестер, отбасы, ел, мен, мен, мен…
Jaman Öner осы қарама-қайшылықтарға арналған.
Көрмені сәулетші Аида Исаханқызы және куратор Suinbike VR кеңістігінде салды. Жұмыстар әлеуметтік желілерде суретшілерді ашық шақыру нәтижесінде таңдалған. Ұйымдастырушылар ол суретшілермен кездеспеген.
Көрме орналасқан жер, яғни Hubs — аралас шынайылықтағы байланыс мүмкіндіктерін зерттейтін open source жоба.
Open source — ашық бастапқы код, қоғамдастықтар ішіндегі дамуды ынталандыратын ашық мүмкіндіктер және мәдени алмасу, бірлесіп пайдалану және ашықтық философиясы.
Бұл бейне және фото залдарға, графикалық залдарға және жеке жұмыс бөлмелеріне бөлінген геймификацияланған галереяда 50-ге жуық суретшілердің жұмыстары жиналды. Осы суретшілердің әрқайсысы өз тілінде сөйлеп тұр. Олардың қаланың сатыр-сұтырымен немесе ауылдық гүілмен өзара әрекеттесу тәсілі арбайды.
#zhamanoner #zamanoner #jamanoner