Мария Дейкуте — ақын, аудармашы, оқытушы және сценарист, поэзия, музыка, театр және көркем өнер арасындағы диалогқа бағытталған арт-жобалар ұйымдастырушысы. Massachusetts University: Boston әсем өнерлер факультетін және Brooklyn College антропология факультетін бітірді. Эссе, орыс және ағылшын тілдеріндегі өлеңдер мен либреттолар авторы, Massachusetts Poetry Festival және Gallup Theater Festival қатысушысы. Соңғы жарияланымдары Rust+Moth, Dos Gatos Press, Cholla Needles, Incessant Pipe-те шықты. Қазіргі кезде Астана қаласында Nazarbayev University-де еңбек етеді.
Ардақ Нұрғазы — ақын, драматург һәм сыншы. 1972 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесі, Толы ауданында дүниеге келген. «Жалған бостандық кітабы» (2009), «Арақұс» (2012, қазақ, қытай тілдерінде), «Дәлдік һәм тұнықтық» (2014, ағылшын, қытай, қазақ тілдерінде), «A Garden of Trees and Other Poems» (2016), «Pebbles, Eggs and the Fence: A Collection of Poetry from Central Asia» (2020, Australia, «Puncher & Wattmann») өлең жинақтарының, «Қазақтың модернистік поэзиясы» (2010), «Таным мен талғам» (2018) сын кітаптарының, «Сызықтар мен нүктелер» (2010) әңгіме жинағының авторы. Өлеңдері мен мақалалары ағылшын, қытай және орыс тілдерінде жарық көрген.